jasqazaq.kz

Нөлінші сынып оқулықтары бірден латын әліпбиінде шығарылады

25 сәуiр 2018, 16:01

Нөлінші сыныпқа арналған оқулықтар бірден латын әліпбиінде басып шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Ағымдағы жұмысты айтсақ, балабақшалар санын көбейттік. Әсіресе жекеменшік балабақшалар көптеп ашылды. Қазір балаларды балабақшалармен қамту көрсеткіштері 90,5 пайызға жетті. Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға қойылған. Бүгінде бірыңғай бағдарламасы мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар экспертизаға жіберілді», — деді министр. Осы орайда ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті. «Латын әліпбиіне көшетін болғасын, оқулықтарды біржола латынша басқан жөн деп санаймыз. Бұл қаражат жағынан да тиімді. Сондықтан нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға латын әліпбиінде қойылып отыр», — деді Ерлан Сағадиев. Оның атап өтуінше, латынға көшуге байланысты 4 комиссия жұмыс істеп жатыр. «Терминологиялық және әдістімелік комиссиясын Білім министрлігі басқарады. Осы мәселе бойынша қазір көп жұмыстар жасап жатырмыз. 2020 жылға дейін нөлінші сыныпты ашуға дайын боламыз», — деді ол.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді