jasqazaq.kz

Нокаутқа түскен боксшы көз жұмды (видео)

17 қазан 2019, 11:30

Америкалық боксшы Патрик Дэй нокауттан кейін комаға түсіп, 27 жасында көз жұмды. Қайғылы оқиға жайлы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) сайтында хабарланды.

https://www.facebook.com/beriksultan.kz/videos/2440481062735973/

Патрик Дэй өзінің жерлесі Чарльз Конвеллмен кездесу өткізді. Нокауттан соң боксшының жағдайы нашарлаған. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Боксшылар украиналық Александр Усик пен америкалық Чазз Уизерспун кездесуінің андеркардында жұдырықтасқан болатын.

Ауруханаға бара жатқанда Патрик комаға түсті. Чикаго ауруханасында дәрігерлер спортшының миына шұғыл ота жасады.

«WBC мен ұйым президенті Маурисио Сулейман Патрик Дэйдің қазасына байланысты көңіл айтады. Ол 12 қазан күні бас-сүйек жарақатын алды. Патриктің жақындарының қайғысына ортақпыз», — деп жазылған WBC сайтында.
Патриктің қарсыласы да болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

«Мен ешқашан мұндай жағдайдың болғанын қаламадым. Мен тек жеңіске жеткім келді», — деді Конвелл.

Патрик Дэй 22 кездесу өткізген, 17-сін жеңіспен (16 нокаут) аяқтады. Төрт жекпе-жекте жеңілді, біреуінде есеп тең болды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда