jasqazaq.kz

Ноғайты өзенінде балық қырылды

10 маусым 2021, 17:09

Атырау облысындағы Ноғайты өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қызылқоға ауданы әкімдігінің мәліметінше, бүгін 10 маусымда Сағыз ауылдық округі аумағындағы Ноғайты өзенінің Сағыз өзеніне құятын тұсында балықтың қырылу дерегі анықталған.

«Балық өлген жердегі су көлемі – 100 метр. Ал, өлген балық мөлшері – 150 келі. Негізінен балықтың майда шабақтары қырылған. Қазір құзырлы органдар арқылы сынамалар алынды. Өлген балық шабақтары мен судың сынамасы Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалына жіберілді. Зертханалық тексеру қорытындысы осы аптада белгілі болады», — деп хабарлады Қызылқоға ауданының әкімдігінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 2 тонна балық қырылғанын хабарлаған едік.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия