jasqazaq.kz

Әнімен таңдандырған — Алексей

07 қазан 2016, 17:05

Алексейдің есінде сол бір күн мәңгі сақталады…
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде болып, ерекше сезімге, зор қуанышқа, мақтанышқа бөленді. Өзінің ұстаздарына, әке орнына әке, ана орнына ана бола білген тәрбиешілеріне деген сол сәттегі ризашылығы шексіз еді.

maxresdefault

Ертеңінде жан-жақтан жолдастары, мектептік ұстаздары, алыс-жақын таныстары телефонмен қоңырау соғып, құттықтап жатты. Арасында бейтаныс, танымайтыны қаншама! Бұрын-соңды мұндай көпшілік назарында болып көрмеген Алексейге бұл ерекше әсер етті. Көз алдынан ес білгеннен бергі өмірі кинолентасындай зырылдап өте шықты.
Павлодар қаласындағы Достық үйінде Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің зиялы қауымы, ардагерлер, жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесіп жатқан сәт еді. Елбасы жиналғандармен емін-еркін дидарласып отырды. Облыс әкімі Болат Бақауов бастап, атқарылып жатқан істер жайын баяндап, басқа да азаматтар өз ойын ортаға салды. Кездесу аяғына таман толғанысын тежеп, Алексей де мемлекет басшысына өз ойын ақтарды.

29dd10c40c3511a11b335b58043d91e2_xl
«Мен тәрізді мыңдаған ата-анасы жоқ балаларға пана болған Сіз біздің әкеміздейсіз. Әр баланың өзіндік арманы болады. Менің де сондай арманым бар еді. Бүгін сол орындалды. Мен Сізбен кездесуге қатысып отырмын. Музыкалық колледжде дәріс аламын. Қазақтың дүлдүл әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде ЭКСПО-да «Балқадиша» әнін орындағанын білеміз. Осы әнді Сізде айтады екенсіз – оны теледидар арқылы көрдім. Рұқсат етсеңіз, осы әнді мен Сіздің алдыңызда орындап берейін. Келешекте ЭКСПО-17 сахнасынан осы әнді айтсам деген үміттемін», – деп мүдірмей таза қазақша айтып, әнді домбыраға қосылып шырқап берді.
Президент жас әнші жігіттің әнін мұқият тыңдап, ризалығын білдірді.

20160930_07_39_53_73223
Н.Назарбаев «Тамаша. Қазақша таза сөйлейді екенсің, тіпті менің көмекшілерімнен де артық біледі екенсің. Жыл аяғында өтетін Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған мерекелік концертке қатысуға Астанаға келетін бол», – деді.
Алексей Лодочников өзі айтқандай, әке-шешеден ерте айырылып, Қашыр ауданындағы Тереңкөл ауылында балалар үйінде тәрбиеленді. Жастайынан өнерге бейімділігі байқалды. Ешкімнің үгітінсіз-ақ қазақ тілін жақсы көріп, оқып-біліп, үйренді. Қазір еркін сөйлейді.
Баланың өнерге құштарлығы және қабілеті барын аңғарған тәрбиешілер, ұстаздар Павлодар қаласындағы музыкалық колледж жанынан ашылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа жолдама берді. Алексей балалар мен жасөспірімдер арасында бірнеше облыстық, республикалық өнер сайыстарында жеңімпаз атанды.

Мұхит Омаров,
Павлодар қаласы

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі