
Қазір Иран тарапы Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесін апат орнын көруге шақырғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Украина мен Boeing компаниясының өкілдері де тергеуге қатысады. Ал америкалық New York Times газеті Иран зымыраны тиген сәтті көрсететін бейнежазбаны жариялады. Оны Ирандағы Нариман Гариб есімді азамат берген. Басылымның хабарлауынша, жазба әуежайға жақын Паранд деген мекеннен түсірілген. Украиналық Boeing ұшағы да осы жерде құлаған. Болжамға қарағанда, зымыран тиген соң ұшақ жанып, құламаған. Ол әуежайға қарай бұрылмақ болған кезде атылған.