jasqazaq.kz

Несиесін төлемеу үшін полицияға жалған ақпарат берген

06 желтоқсан 2022, 12:19

Мақтарал тұрғыны алған несиесін төлемеу үшін полицияға жалған ақпарат берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтарал полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші жас жігіттің айтуынша, оның атынан белгісіз біреулер несие алған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел уәкілдер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің өзі екенін анықтады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші өзінің атынан микроқаржылық ұйымнан несие алып, қарызын қайтара алмай қалған. Содан біраз уақыт өткен соң, банк қызметкерлері жәбірленушінің ата-анасына хабарласып, баласының несиесін төлемей жүргенін жеткізген. Осы сәтте жәбірленуші жас жігіт отбасына білдіртпес үшін бұл несиеге өзінің еш қатысы жоқ екенін, алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, жалған ақпарат берген. Бүгінге таңда жәбірленуші өз қателігін мойындап, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермейтінін жеткізді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық