jasqazaq.kz

Несиесін қайтара алмай жүргендер нені білуі керек?

10 қантар 2018, 6:37

ҚР Ұлттық банкі коллекторлық қызметтің борышкерлермен жұмыс істеу барысындағы негізгі қағидаларын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коллекторлар борышкерлерге таңғы 08.00-ден 21.00-ге дейін күніне үш рет қана хабарласа алады. Оларға апта ішінде 3 кездесу өткізуге ғана рұқсат етілген және таңғы сағат 08.00 мен 21.00 аралығында бір реттен артық кездесуге тыйым салынған. Сондай-ақ, кездесудің уақытын борышкер белгілейді. Және мұның барлығы жұмыс күндері ғана жүргізілуі тиіс, мереке және демалыс күндері кез келген байланысқа рұқсат етілмейді. Коллекторлық агенттіктерге борышкерді өз міндеттерін орындауға мәжбүрлеудің кез келген тәсілін қолдануға заң жүзінде тыйым салынады. Атап айтқанда, жалған ақпарат таратуға, өміріне қауіп төндіруге, бопсалауға, алаяқтық жасауға, қарызын өтеу үшін борышкерден ақша немесе мүлік алуға, несие берушінің құпиясын ашуға болмайды. Коллекторлық агенттіктерде іскерлік абырой-беделі таза, психодиспансер, наркодиспансер және тубдиспансерде есепке тұрмаған мамандар жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Ұлттық банктің есептік тіркеуіне 60 коллекторлық агенттік өткен, олардың басым бөлігі Алматы қаласында (34) тіркелген.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды