jasqazaq.kz

Несие төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі кімдерге беріледі?

27 наурыз 2020, 17:22

#үйдеотыр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президенттің банктер мен микрокредиттік ұйымдарға қарыз бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарға тыйым салу туралы тапсырмасын түсіндірді.

Қазіргі уақытта Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары халықты қолдау бойынша тиісті шараларды әзірлеп, бекітті. «Осылайша, қарыз алушылар үшін төлем мерзімі 2020 жылдың 16 наурызы мен 15 маусымы аралығында кейінге шегеріледі. Қарыз бойынша төлемдерді кейінге шегеру мүмкіндігі осыған мұқтаж адамдарға берілмек. Мәселен, карантиннің енгізілуі себепті жұмысынан айрылғандар, ақы төленбейтін еңбек демалысына шыққандар, жалақысы қысқарғандар немесе тоқтатылғандар және т.б. Өздеріңіз түсінгендей, негіздемелердің басым көпшілігі төтенше жағдай режиміне қатысты болмақ», — деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде. Қосымша құжаттарсыз бұл шегеру шарасы ресми түрде тіркелген жұмыссыздарға, АӘК алушылар және халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қатысты қолданылады. Сонымен бірге, несиелік ұйымдар аталған тұлғалардың тізімдерін кредиттік бюролардан алады. Бұл шара кәсіпкерлерге де қатысты болады. Мысалы, тауар сатылымы мен көрсетілетін қызмет көлемі азаюы себепті қаржылық жағдайы нашарлаған, тұтынушылар төлемі кешіккен және т.б. себептермен кәсіпкерлер төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігін ала алады. Еске сала кетсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында — 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы — 3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия