jasqazaq.kz

Несие төлемеу үшін көлігі ұрланғанын хабарлаған

19 наурыз 2019, 16:55

Теміртауда ер адам көлік сатып алу үшін алған несиесін төлемеу үшін оның ұрланғанын хабарлаған. Бұл туралы Tengrinews.kz Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

2019 жылдың 11 наурызында 33 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне келіп, белгісіз біреулердің құны 10 миллион теңгеден асатын көлігін ұрлап кеткенін хабарлаған. Көлік ұрлану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. «2019 жылдың 17 наурызында көлік иесінің несиені төлемеу мақсатында көлігі ұрланғанын хабарлағаны анықталды. Көлік тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр», — деді полиция департаментіндегілер. Осыған байланысты полиция өкілдері жалған хабар таратқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде