jasqazaq.kz

«Несие рәсімдеуге көмектесемін».Үш адамды алдаған алаяқ ұсталды

26 қыркүйек 2020, 13:51

Нұр-Сұлтан қаласында ірі мөлшерде несие ресімдеу бойынша өз көмегін көрсетіп жүрген алаяқ әйел анықталған. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Көрсеткен қызметі үшін аталған әйел жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақшалай сыйақы алып отырған. Полицияға қала тұрғыны шағымданып, 2,5 миллион теңгеге алданғаны жөнінде хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша оның танысы банктен 2 пайызбен ірі мөлшерде несие алып беруге көмек көрсете аламын, банкте таныстарым бар деп сендірген.

Жәбірленушілер оның сөзіне сеніп, сыйақы ретінде ірі сомада ақшалай қаражат берген. Осылайша күдікті үш адамды алдаған. Полицейлер 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдікті әйелдің бірнеше алаяқтық жасағаны анықталды. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2018 жылы сотталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүрі жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия