jasqazaq.kz

Несие рақымшылығы: Полиция жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр

10 желтоқсан 2021, 16:55

Алматы полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен тұрғындар арасында несиеге рақымшылық жасау және несиені есептен шығару туралы шындыққа жанаспайтын ақпараттың таралу фактісі бойынша арыз келіп түскенін мәлім етті.

«Қазіргі уақытта қалалық ПД тергеу басқармасы жалған ақпарат тарату бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Кінәлілер жасаған іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық