
Британдық өнертапқыш адаммен бірге «өсетін» киім жасап шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Британдық дизайнер Райан Ясин баламен бірге өсетін киім жасады.
Матаның ерекше құрылымы балалардың киімді алты айдан бастап үш жасқа дейін киюіне мүмкіндік береді. Ол баланың денесін желден қорғап, ылғал да өткізбейді. «Өсетін» киімді кір жуатын машинада да жууға болады.
Өнертапқыш осы еңбегі үшін өнеркәсіп саласындағы Джеймс Дайсон атындағы сыйлықтың иегері атаныпты.