«Не молчи» қоры басшысы Дина Смайылованың немере інісі топтық қыз зорлау қылымысы бойынша күдікке ілінді.
Алматы қалалық полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр.
1989 жылы туылған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігінде (Зорлау), 121-бабының 2-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 378-баптың 1-бөлігінде (Мемлекеттік қызметкерді қорлау) көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, делінген хабарламада.
zakon.kz xабарлағандай, тергеу материалдарында бір топ жастың алдын-ала сөз байласу арқылы дене күшін қолданып, екі азаматшаны зорлағандығы айтылады.
Күдіктіге қатысты соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеу кезеңінде «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тиісті сараптамалық зерттеулер мен тергеу шаралары жүргізілуде, деп толықтырды полициядағылар.
Аталған қордың жетекшісі қоғамда Дина Таңсәрі деген атпен белгілі. Қор өзін қыз-келіншектерді зорлау деректерін әшкерлейтін ұйым ретінде көрсеткісі келеді.
Jas Qazaq -Aqparat