jasqazaq.kz

Немересінен айырылған Олжас Сүлейменов ауруханаға түсіп қалды

28 маусым 2018, 10:16

Жақын күндері немересі жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған Олжас Сүлейменов ауруханаға түсіп қалды. Бұл туралы отандық журналист Гүлжан Ерғалиев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бүгін аураханада жатқан Олжас Сүлейменовке барып қайттым… Оның палатасының есігін ашуға батпай, біраз тұрдым. Оны қалай жұьбатарымды, не айтарымды білмедім.
Олжеке төсекте емес, үстелде отырып, бірдеңе жазып жатты. Менің жүрегім сыздап кетті. Бірнеше күн ішінде адам осыншама қартайып кетеді деп ешқашан ойламаппын. Олжеке 82 жаста болса да, ешқашан бұлай шөкпеген, достарымен бірге тіпті волейбол ойнап, денесін тік ұстап жүретін. Ал қазір оның көзінен ауыр қайғы көрдім және мұндай ұлы ақынға тән емес қатты ашуды көрдім», — деп жазды ол.

Сонымен бірге ол Олжас Сүлейменов немересін қағып кеткен адамды таппай қоймайтынын және осыған байланысты құзырлы органдарға хат жазып жатқанын да жеткізді.

«Міне, енді Ескендір жоқ. Олжекенің жалғыз және тұңғыш немересіне қараңыздаршы. Ол осы атқа алып жүруге лайық әрі өрімдей жас жігіт еді. Олжеке оны Маргарита Владимировнамен бірге өсіріп, оның бақытты, алаңсыз өмір сүріп, сүйікті мамндығы бойынша жұмыс істейді деп армандаған еді.
«Ескеннің тойына арнап сөз сөйлеймін деп едім, енді міне, оның жерлеуінде қайғы жұтып сөз сөйледім», — деген Олжас Сүлейменов жылап жіберуге шақ қалды», — деп жазды Гүлжан Ерғалиева.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді