jasqazaq.kz

Немересіне пәтер сыйламақ болған әжей банк тонаған

25 маусым 2018, 16:02

Ресейдің Лининград облысының Кириши қаласында ерекше оқиға орын алды. 70 жастағы зейнеткер әже немересінің тойына пәтер сыйлаймын деп, банк тонамақ болған. Ол бұл «операцияға» құрбысының немересі мен бенк қызметкерін тартқан.
NUR.KZ. хабарлағандай, басылымның мәліметінше қария немересінің тойына Санкт-Петербург қаласынан пәтер сыйлауды бұрыннан армандаған екен. Бұл мақсатта әжейдің банкте, тіпті жинаған 500 мың рубль көлеміндегі қаражаты да болыпты. Алайда аталған қомақты қаржыны жеткіліксіз деп есептеген зейнеткер, банктегі өз ақшасын тонатып, артынша одан өтемақы өндіріп алмақ екен.
Бұл үшін ол, тіпті арнайы сыбайластарды да тауыпты. Ол өз құрбысының немересі мен банктегі жалғызбасты анаға аталған операцияны жүзеге асыруға көндіріп, кейін «ақшасын беремін» деген. Осылайша, зейнеткердің сыбайластары ұрлықты ұйымдастырып, көп көлемдегі ақшаны банктен ұрлап әкеткен көрінеді.
Алайда «ақша ұрлау» операциясының соңы сәтті аяқталмаған екен. Қаржыны банктен әкеткен қарақшы жол-жөнекей таныстарын кездестіріп, оларға болған жайтты баяндап берген. Нәтижесінде олар полицейлерге хабарласып, оқиғаны бастан-аяқ әңгімелеп берген.
Қазіргі таңда аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат та үй қамауында отыр екен. Егер айыптаушы тарап зейнеткер мен оның сыбайластарын кінәлі деп тапса, олардың үшеуі де жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде