jasqazaq.kz

Немересін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

22 желтоқсан 2017, 14:44

Қарағанды облысында үш жасар немересін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қылмыстық іс Шет аудандық сотында Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаевтың төрағалығымен өтті. «Сот 1978 жылғы ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 3,5,14-тармақтары бойынша айыпты деп танып, оны 19 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесі орнының барынша қауіпсіз мекемесінде өтейді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, сот ер адамды маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу туралы үкім шығады. Сонымен қоса, сот одан сараптамаларға кеткен 2 миллион теңгеден аса ақшаны өндіріп алды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Еске сала кетейік, осыған Қарағанды облысында атасының 3 жасар немересін пышақтап өлтіргені хабарланған еді. Оқиға Шет ауданындағы Ақадыр ауылында болған. Ал кейінірек ер адамның полицияға өзі келіп берілгені айтылды. «Өлтірілген үш жасар баланың атасы өз келіп берілді. Ол ұсталды», — деп хабарлаған еді Қарағанды облыстық прокуратураның екінші басқармасының прокуроры Нұрлан Шолдақов.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды