jasqazaq.kz

Неліктен ҰОС қатысушыларына берілетін төлем әртүрлі?

06 мамыр 2019, 17:35

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев неліктен ҰОС қатысушыларына бөлінген төлемнің мөлшері әртүрлі екенін түсіндірді. Оның сөзінше, бұл әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет кулуарында журналист Бердібек Сапарбаевтан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына бөлінген төлемнің әр өңірдегі мөлшері неліктен әртүрлі екенін сұрады.

«Астана әкімдігі жарты миллион теңге төлейді. Ал өзге өңірлерде 120-130 мыңнан береді. Мұндай айырмашылықтың себебі неде?» — дейді журналист.

Министр өз жауабында төлемнің мөлшері әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты екенін атап өтті.

«Бұл әр өңірдің мүмкіндігіне байланысты. Біз, министрлік ретінде, әр өңірге жолдаған ұсынысымызда ҰОС қатысушылары мен соған теңестірілген санаттағы адамдардың әрқайсына көрсетілетін орташа көмек кемінде 300 мың теңге болуы керек екенін көрсеттік», — дейді Сапарбаев.

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев өңірлердегі әкімдіктермен жұмыс істеп, төлемнің мөлшерін 300 мың теңгеге жеткізетінін айтты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық