jasqazaq.kz

«Некесіз туған балам жоқ»: Қыдырәлі Болманов Қарақаттың сөзін жоққа шығарды

06 мамыр 2021, 15:14

Продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов бірінші некесі жайлы алғаш рет сөз қозғады. Продюсер өз еркімен емес, балалық шалалықпен азаматтық неке құрғанын айтты. Алайда бірінші некеден туған баласы бар деген сөзді жоққа шығарды.

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасында айтылды.

Қыдырәлі Болманов алғаш рет бірінші некесі жайлы айтты. Алайда бұны неке деуге негіз жоқ дейді өзі. Ол некеден бала жоқ. Балалықпен болған қателік еді дейді продюсер.

Отандық арналардың біріне берген сұхбатында продюсердің жары Қарақат Әбілдина Болмановтың бұрын бір рет үйленгенін, некесіз туған баласы болғанын айтып қалған еді. Алайда ол бала шетінеп кеткен соң некесі де бұзылғанын айтты. Алайда Болманов мырза жарының сөзін теріске шығарды.

«Жас кезімде менің артымнан жүгірген қыздар көп болды. Оны Қарақаттың өзі де көрді. Оған дейін жатақханада тұрып жатқан уақытта да қыздар өздері іздеп келетін. Сондай қыздардың бірі жиі келетін болды. Тіпті менің бөлмемді жинап, менімен жақын болып кетті. Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді дегендей ғой. Ол кезде жаспын. Баламын. Шалалық басым. Ешқандай махаббатсыз, баянсыз болған жағдай. Бірге тұрдық. Бірақ менің өз бөлмем бар, оның өз бөлмесі бар. Оны неке деп есептемеймін. Неке қиған емеспін. Балам да болған жоқ. Ол уақытты жай ғана шалалық деп есептеймін», — деді продюсер.

Продюердің есебінше, оның ақ некелі жары Қарақат Әбілдина. Одан өзге некесі болған емес. Ол туралы айтылған әңгіменің бәрі жай ғана қауесет болып шықты.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия