jasqazaq.kz

Неке қидырған имамның жары жігіт болып шықты

15 қантар 2020, 15:09

Угандада Мухаммад Мутумба есімді имам Шабулла Набукира есімді бойжеткенмен некесін қидырды. Алайда, бақытқа кенелген дін қызметкерінің қуанышы ұзаққа созыла қойған жоқ. Себебі, екі аптадан кейін оның жары Ричард Тумушабе есімді ер азамат болып шықты.

Мутумба әйелдің киімін киген алаяқпен өткен жылдың соңында мешітте танысқан. Желтоқсан айында олар мұсылман салты бойынша той жасаған. Оның алдында имам «қалыңдықтың» ауылдағы әпкесіне барып, қалың малына екі қап қант, екі ешкі, киім мен Құран данасын тастап кетіпті.

Екі апта бойы «Набукира» дін қызметкерімен төсек қатынасына түсуден, оның алдында шешінуден бас тартып жүреді. Ол неке түні болмас бұрын күйеуін ата-анасымен таныстырғысы келетінін сылтауратады. Хиджаб оранған азамат бет-әлпетін бояп, жалған төс те салып алады.

Біраз күннен кейін «имамның әйелі» ұрлық жасады деген күдікке ілінеді. Жамылғымен жүрген Тумушабе дуалдан секіріп, көршісінің үйінен киім мен теледидар, сондай 81 доллар ақша ұрлап кеткен.

Қылмыскер түрмеге отырған соң барлық алаяқтық әрекеттері ашылды. Одан бөлек, қалың мал алған «әпкесі» де құрықталды. Ол Тумушабемен бір жыл бұрын танысқанын жеткізді.

NUR.KZ

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде