jasqazaq.kz

Неке агенттігінен 70 жастағы қария ғашығын тапқан

21 қараша 2018, 13:04

Астанада танысу орталықтарының «дәурені» жүріп тұр. Мамандардың айтуынша, неке агенттіктерінің қызметіне өрімдей жас қыз-жігіттерден бастап, еңкейген қарияға дейін жүгінеді екен.

NUR.KZ жазғандай, Елордадағы танысу агенттігі өкілдерінің айтуынша, өмірлік жұбын іздеп келушілердің жас ерекшеліктері де әр түрлі екен. Олардың арасында 25-30 жас аралығындағы жастар мен зейнет ажсынан асқан қарияларға дейін бар көрінеді.
«Жалпы клиенттеріміз жайлы қандай да толық ақпарат бере алмаймыз. Бірақ жыл сайын олардың саны артып келе жатқандығын мойындаймыз.
Жас ерекшеліктеріне келер болсақ, жап-жас 23-25-тердегі қыз-жігіттер де келіп жатады. Оларға көп жағдайда»әлі жассыздар, өз серіктеріңізді кездестіресіздер» деген кеңес береміз, алайда, кейбірі оған құлақ асса, кейбірі өз дегендерінен қайтқысы келмейді.
Тіпті, «Махаббаттан көңілім қалды, ешкімге сенбеймін, жақсы қыз, жігіт тауып беріңіздер» деген талап қояды. Әрине, біздің қызметіміз осы болса да, жастарға асықпауға кеңес берер едім» , — дейді неке агенттігі өкілдерінің бірі.
Сонымен бірге, маман клиенттердің арасында орта жастан асқан әйел адамдардың көп екендігін айтты.  «Жасы 30-40-тан асқан, отырып қалған қыздар көп келеді. Келгенде қалай, алдымен олар бізге келіп, өздерінің өмірлік серіктеріне қояр талаптарын айтып, өтінімдерін қалдырады. Сосын біз сол талаптарға сай ерлерді қарастырамыз.
Кейін үміткерді ұсынып, олардың ара-қатынастары қалай өрбіп келе жатқандығын бақылаймыз.
Өмір болған соң түрлі жағдайлар болады, бірі жақсы жұп болып кетеді, кейбірі керісінше айырылысып жатады. Бәрі клиенттердің таңдаулары мен өз шешімдеріне байланысты», — деді маман.
Бір қызығы, агенттік қызметіне жүгінетіндердің арасында қариялар да бар екен.
«Мысалы былтыр бізге 70-ке толған ақсақал келіп, өз теңін таппақ болды. Балалары үйлі-баранды болғандықтан, қария қартайғанда жалғыз қалған екен.
Содан не керек, әлгі ақсақалған жақсы жар тауып бердік. Өзінен 5 жас кіші апамызды таныстырып, қол ұстатқызып жібердік.
Қазір екеуі бірге, бақытты. Сондай қызық жағдайлар да кездесіп тұрады. Ал тек мемлекеттік қызметкерлер келеді, олардың жеке өмірге уақыты жоқ деген шындыққа жанаспайды.
Сүйікті жар деген қай мамандық иесіне болса да қажет емес пе? Сондықтан мұндай әрекеттен ұялып, қысылудың қажеті жоқ. Керісінше, дер кезінде шешім қабылдап, өз теңдерін тапқан дұрыс», — деп сөзін қорытындылады агенттік өкілі.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді