jasqazaq.kz

«Нейт» дауылы АҚШ жағалауына жетті (видео)

08 қазан 2017, 19:27

Орталық Америка елдерін басып өткен «Нейт» дауылы АҚШ жағалауына жетті. Алай-дүлей желдің екпіні бәсең. Ұйытқи соққанда жылдамдығы 140 шақырымға жететін дауылдың күші әзірге бірінші дәрежеден аса қойған жоқ.

Десе де нөсер үдей түскендіктен, елді мекендерді су басу қаупі бар. Бұған дейін Луизиана, Алабама, Миссисипи және Флорида штатында төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы айта кететін жайт, «Нейт» дауылы – соңғы екі айда АҚШ аумағына соққан төртінші дүлей жел. Бірақ мамандар: «Ол аталған аймақтарға «Харви», «Ирма» және «Мария» дауылы сияқты апат әкелмейді», – деп отыр. Дегенмен ауа райын болжаушылар дауылдың күшейе түсуі мүмкін екенін айтады. Елдің есін шығарған есер желден Орталық Америкада 30 адам опат болды.

 

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде