jasqazaq.kz

Неймар «Барселонадан» кететін болды — БАҚ

19 шiлде 2017, 11:53

Бразилиялық Esporte Interativo басылымның жазуынша, Неймар франциялық «Пари Сен-Жермен» клубына өтуге келісім берген.

Сонымен бірге, басылым ойыншының Париж клубының формасындағы суретін фотошоп арқылы жасап та қойған. Басылымының жазуы бойынша, Неймар «Барселонада» Мессидің көлеңкесінде жүргендіктен ауысуға келіскен-мыс. Неймардың ауысатыны туралы қауесетті бразилиялық тағы бір басылым — Lance ары қарай жалғастырып, мұндай шешімге «ПСЖ» клубының ойыншысы Дани Альвес себеп болғанын жазған. Мұның алдында Ди Марцио ПСЖ клубы Неймар үшін 222 миллион еуро төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Алайда «Барселонаның» вице-президенті Жорди Местре бразилиялық форвардтың париждік клубқа ауысатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

tengrinews.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі