
Футболдан Франция чемпионатының 15-ші турында «ПСЖ» командасы сырт алаңда «Сент-Этьенді» жеңді. Кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
Бұл ретте 44-минутта алаң иелерінің ойыншысы Тимоте Колодзейчак алаңнан қуылды.
Қорғаушы Серхио Рамос ПСЖ сапында 90 минут бойы ойнап, алғашқы ойынын өткізді.
Ал негізгі құрамда алаңға шыққан Неймар ойынды аяқтай алмады. Бразилиялық 88-минутта ауыр жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
