jasqazaq.kz

Неймар әкесіне «Реалға» ауысуды ұйымдастырып беруді сұрады

13 наурыз 2018, 17:00

Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар өзінің әкесі Неймар Да Силва Сантосқа мадридтік «Реалмен» келіссөздерді бастауды сұрады.

Бразилиялық шабуылшы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігінің алдына дейін команда ауыстырып үлгергісі келеді екен.

Наурыз айының басында БАҚ беттерінде Неймардың ПСЖ сапынан кетіп, 2013 және 2017 жылдары өнер көрсеткен «Барселонаға» қайта оралғысы келетіні туралы мәлімет шыққан еді. Ал қаңтарда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи егер париждік команда Чемпиондар лигасын жеңетін болса, «Реалға» сатуға дайын екендігі туралы ақпарат тарады.

Осы аптаның басында Пари Сен-Жермен» клубының президенті Нассер аль-Хелайфи мен Антеру Энрикемен бірге жуық арада Бразилияға барып, операциядан шыққан Неймардың жағдайын біліп, сөйлесіп қайтатыны белгілі болды. Бұл кездесу барысында ПСЖ басшылары Неймарды командада қалдыруға көндіретін болады. Олар алдағы уақытта команда өзінің қалауы бойынша жасақталып, менеджерлер Неймардың тілектерін назарға алатынын түсіндіргісі келеді.

Айта кетейік, Неймар ПСЖ сапына өткен жылдың жазында «Барселона» сапынан 222 миллион еуроға ауысып келген болатын. Биылғы маусымда ол ПСЖ сапында барлық турнирлерде 30 кездесуге қатысып, 28 гол соқты.

vesti.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық