Негізгі үш міндет

22 қазан 2021, 11:40

Халық қалаулылары арасында мемлекеттік тілге ден қойып, өз пікірін қазақша жеткізуге талпыныс байқалады. Солардың бірі – Мәжіліс депутаты, танымал тележурналист Артур Платонов. Ол сәрсенбі күні үш жылдық бюджетті қабылдауға арналған Мәжіліс отырысында баяндамасын мемлекеттік тілде жасады. Депутаттың бұл қадамы, әсіресе, Мәжіліске келіп, қазақша сөйлей алмай сөз еститін министрлер мен олардың орынбасарларына ой салса, қанеки.

Өткен 2020 жылғы қатаң шектеу шаралары, экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы, шамамен 2 трлн теңге сомасындағы салық шығындары мемлекеттік қолдаудың бұрын-соңды болмаған шешімдері мен контрциклдық шараларын қабылдауды талап етті. Соның нәтижесінде 6 трлн теңгеден астам сомаға дағдарыстан шығуға арналған шаралар пакеті қабылданды. Бұл Ұлттық қор қаражатын қосымша тарту, қарыз алу, бір жолғы түсімдер, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыру мен басымдық беру көздері болды. Ағымдағы жылы дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыруға бюджеттен 1 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған. Салық түсімінің өсімі байқалады. Қазірдің өзінде жағдайдың тұрақтанғанын және экономикалық өсімнің бұрын болжанғаннан тезірек қалпына келгенін байқауға болады. Бұл бізге шұғыл мәселелерді шешуге оптимизммен қарауға және үш жылдық бюджетті қалыптастыру кезінде олардың шешімін табуға мүмкіндік береді. Бюджеттің негізгі параметрлерін анықтайтын маңызды шешім 2025 жылға дейін 7 трлн теңгеге қосымша қаржыландыруды көздейтін «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасын қабылдау болды. Ұсынылған 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында Жол картасында көзделген барлық шаралар өзінің қаржылық көрінісін тапты. Осы мақсаттарға үш жылдық кезеңде 13,4 млрд теңгеден астам қаражат көзделген. Оның ішінде Мәжіліс қабырғасында депутаттардың ұсынысы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына қосымша 38 млрд теңге бөлінді.

Жалпы ұсынылған бюджет жобасы негізгі үш міндетті шешуге бағытталған. Олар:

1. Мемлекеттің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін мүлтіксіз орындауы;

2. Коронавирустық дағдарыс салдарын еңсеру мен экономикалық өсу факторларын дамытудың жалпыұлттық басымдықтарын іске асыру;

3. Бюджет кірістерін ұлғайту жолымен Ұлттық қордан берілетін трансферттердің 1,6 трлн теңгеге азайтылуы мемлекеттік қаржының орнықтылығын арттыру болып табылады. Бұл 2022 жылдың өзінде Ұлттық қор қаражатын жинақтау және сақтауға мүмкіндік береді.

Артур Платонов,
Мәжіліс депутаты

25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді