jasqazaq.kz

Неге жалғыз тамақ ішуге болмайды?

30 қазан 2017, 11:18


Жалғыз тамақтану іштегі майдың жиналуына апарады,-деп хабарлайды Baq.kz.

 

Оңтүстік Корея ғалымдары жалғыз тамақтану іштегі майдың жиналуына әкеп соғатын метаболизм синдромының пайда болу қатерін жоғарылататынын анықтады. Мамандардың зерттеуі Obesity Research & Clinical Practice журналының сайтында жарияланған.

Мамандар 7752 адам арасында сауалнама жүргізіп, респонденттердің қаншалықты жиі жалғыз тамақтанатынын есептеді. Олар клиникалық статистикаға сүйене отырып, жалғыз тамақ ішетіндерде метаболизм синдромы жиі байқалғанын анықтаған.

Күніне кем дегенде екі рет жалғыз тамақтанатын ер адамдарда синдромның пайда болу қатері бірнеше адаммен тамақтанатындарға қарағанда 64%-ғажоғары болды. Ал әйелдерде бұл көрсеткіш 29%-ды құрады. Бұған қоса, ер адамдарда семіздік қатері 45%-ға ұлғайған.

«Мұның барлығы жалғыз тамақтану метаболизм синдромының пайда болуына әсер ететін фактор болуы мүмкін екенін көрсетеді», — делінген мақалада.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде