Назым Қызайбай: Таза жолмен жеңе алмағаннан кейін, арам жолды таңдап отыр (Видео)

22 қыркүйек 2021, 16:49

Назым Қызайбай рингтегі қарсыласы Ангелина Лукаспен арадағы дауға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, командадағы текетірес соңғы екі жылдан бері жалғасып келеді. «Ангелина Лукас осы уақыт ішінде маған қатысты түрлі жалған ақпарат таратты», – деп мәлімдеді боксшы. Ангелина Лукас жаттықтырушысымен бірге Назым жатқан бөлменің алдына дуаланған тұзды шашып кеткен. Назым бұл жайтты видеодан көргенде сенер-сенбесін білмегенін айтады. Бұл туралы Назым журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Алғашқыда күле қарағанымен, кейіннен қорқа бастағанын мойындайды.

«Сол видеоны тапқаннан кейін, «Назым Қызайбай допинг қолданды» деп жалған ақпарат таратты. Бірақ мен спортта бәрі таза болу керек деп ойлаймын. Өзім допингке қарсымын. Үнемі анализ тапсырып тұрамыз», – дейді Назым Қызайбай.

Боксшы бұл оқиғаны ғаламторға шығарып, оларды жаман атты қылғысы келмегенін, әңгімені құраманың ішінде қалдырғысы келгенін атап өтті.

«Бұл бірінші рет көтерілген мәселе емес. Оған дейін де талай жағдай болған. Бірақ олар ешкімнен қорықпай, әрі қарай да жалғастырып жатыр», – дейді Назым.

Қызайбай әріптесінің ала жібін аттамағанына сенімді. Өзін кінәлі санамайды.

«Мен оған ешқандай жамандық жасамадым. Ол мықты болсын, өзін мықты санайды ғой. Маған ол жақсы. Мықтылармен мықты боласың ғой. Олай істегені дұрыс емес деп ойлаймын. Спорт болғаннан кейін, мықтылығыңды рингте көрсету керек», – дейді қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Назым Қызайбай.

Назым мен Ангелина бір салмақта өнер көрсетеді. Қос қарсылас осыған дейін 4 рет кездесіп, оның үшеуі Назымның жеңісімен аяқталған.

«2019-да Сербияда Халықаралық турнирде кездестік, ол жерде жеңілдім деп айта алмаймын. Жеңдім, ғаламторда ол жекпе-жек бар. Жеңгеніме сенімді болып тұрған кезде, Ангелинага берді, таңғалдым. Бас бапкеріміз де жынданды. «Марапаттауға шықпа, өйткені сен жеңілген жоқсың», – деді. Мен шықпадым», – деген Назым шын мәнінде жеңілген кезде қарсыласын мойындайтынын атап өтті.

Әріптесінің дуасына ұшыраған Назым болашақта оның у беруге дейін баруы мүмкін екенін жасырмайды.

«Таза жолмен жеңе алмағаннан кейін, арам жолмен осылай істейді деп ойлаймын. Өлгенімді тілемейтін шығар, бірақ спорттық мансабыма кедергі келтіруге тырысады.

Мен қуаныштымын, командадағы қыздар мені қолдайды. Өйткені олар бәрін біледі. Басқа білмейтін адамдар жалған ақпаратқа сенеді. Сол ең өкініштісі», – деген спортшы көзіне жас алып қалды.

«Қазір бүкіл құрама қарсы, бірақ бір адамды ғана тыңдайды. Қанша видео көрсетсек те, жазаланбайды. Ешқандай жауапкершілікке тартылмайтынына көзім жетті», – деп ағынан жарылды спортшы.

Назым әлі нүктесі қойылмаған бұл даудың тезірек аяқталғанын қалайды. Себебі команданың ішіндегі алауыздық бәрімізге әсер етеді дейді.

«Ең ұнамайтыны, жарыстан жеңіп келсең, бәрі қолдап, сені жақсы көреді. Спорт болғандықтан, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді ғой. 2018-2019 жылдары жақсы нәтиже көрсете алмадым. Бірақ соңғы Азия чемпионатына жақсы дайындалдым. Қазір жеке жаттықтырушым ауысты. Алдағы мақсат, тек қана сөзбен немесе әлеуметтік желіде емес, мықтылығымды жеңіспен дәлелдеу», – деген Назым Париждегі Олимпиадаға қатысып, чемпион атану үшін барын салатынын жеткізді.

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»