
Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан командасының көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген. Айта кетелік, бұған дейін Алуа Балқыбекова Азияның алтынын иемденген болатын. Қазақстан құрамасына үшінші алтынды 54 келі салмақта сынға түскен Дина Жоламанова сыйлады. Сондай-ақ Қазақстан қоржынына 4-ші алтынды 64 келі салмақта жұдырықтасып, индонезиялық қарсыласынан басым түскен Римма Волосенко салды.