jasqazaq.kz

Назарбаев сыйлығы қалай іріктелді?

29 тамыз 2019, 12:06

«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі Франко Фраттини жеңімпаздар қалай іріктелгенін айтты.

ҚазАқпарат  хабарлағандай, «Сыйлық тағайындау жөніндегі комитет лауреаттарды іріктеп алды. Оның нәтижесі сәл кейін хабарланады. Сыйлыққа ие болғандардың бәрі – бүкіл өмірін ядролық қарусыз әлем мен жаһандағы қауіпсіздік үшін күреске арнаған адамдар. Яғни, олар ел алдына сөйлеу үшін ғана шықпай, өз жетістіктерін істерімен дәлелдеп жүрген ҚР Тұрғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сияқты тұлғалар. Ол кісі өз қызметінде жаһандық қауіпсіздіктің ең басты миссиясы ядролық қарусыз әлем екенін көрсетті», — де ді комитет мүшесі . Оның айтуынша, Назарбаев сыйлығына әлемде аты танымал ондаған адам үміткер болған. «Комитеттің қарауына 13-14 кандидаттың тізімі түскен. Соның ішінен Назарбаев сыйлығына барынша лайық адамдар іріктелді. Үміткерлердің түйіндемелері мен бұған дейін жаһандық қауіпсіздік саласында жеткен жетіс тіктерін талдадық. Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі, Еурокомиссия төрағасының бұрынғы орынбасары ретінде бұл сыйлықты халықаралық өзге де беделді марапаттармен салыстыра талдап, қарағанымызды айтқым келеді», — деп атап өтті Франко Фраттини.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық