jasqazaq.kz

Назарбаев сыйлығы берілді

29 тамыз 2019, 12:02


«Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының» иегерлері белгілі болды.
Жеңімпаздардың есімін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады.
«Биыл Назарбаев сыйлығымен бір мезгілде екі бірдей адамға берілді. МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы ха тшысы Лассина Зербоға б еру туралы шешім қабылданды. Юкия Амано МАГАТЭ басшысы лауазымында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, яд ролық қаруды таратпауға және ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласына үлес қосты. Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруда және Иран ядролық проблемасын шешуде маңызды жұмыстар атқарды. МАГАТЭ қызметінің басым бағыт тарының бірі — обыр ауруларымен күрес және ядролық техн о логияларды су ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін басқару саласында қолдану болды», — деді Мемлекет басшысы .
Ол сондай-ақ, Лассина Зербоның да осы салаға қосқан үлесін атап өтті.
« Оның күш-жігері ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты мониторнигілеу бойынша халықаралық желіні құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол осы шарт ұйымының жастар тобын құруға да бастамашы болды. Юкия Амано мен Лассина Зербо ядролық қаруды таратпауға және әлемдік қауіпсіздікке қомақты үлес қосты. Сондықтан бүгінгі Назарбаев сыйлығы лайықты тағайындалды деп ойлаймыз» — деді Президент.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда