jasqazaq.kz

Назарбаев пен Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойының ашылуына арналған салтанатты шараға қатысып жатыр

21 қантар 2020, 16:17

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шараға қатысып жатыр.Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлады.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ресми ашылу салтанаты, сондай-ақ Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтіп жатыр.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтау сөзін сөйледі.

«Биыл біз халқымыздың көрнекті ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтеміз. Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ақын өз уақытынан озып, тарихтың күрделі кезеңдерінде халықты ұлттық құндылықтар, ана тілі мен мәдениеті төңірегінде біріктірген көзқарастар жүйесін қалыптастырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абайдың терең ойлары мен пайымдаулары біздің күнделікті істеріміздің негізіне жатуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл дана өсиеттерге адалдық пен біздің ұрпағымыздың ұлт мұғалімінің жадына деген борышының дәлелі болады», — деді министр.

Астана Опера» театры сахнасында Абайдың сөздері мен әндерін Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Майра Мұхамедқызы орындайды.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлауға арналған жарлыққа қол қойды. Қазақ ақынының мерейтойын дайындау және өткізу бойынша жалпы республикалық жоспар әзірлеу тапсырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде