jasqazaq.kz

Назарбаев мектебіндегі махаббат хикаясы себеп болған

27 ақпан 2018, 10:28


Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі жанжалдың неден туындағаны белгілі болды.  Мұғалім мен оқушының арасындағы кикілжің туралы оқу орны басшылығының айтқысы жоқ. Дегенмен, осы білім ордасына жақындығы бар дереккөздер біраз жайтты тарқатты.

«Оған мектептегі махаббат оқиғасы себеп. Оқушы қыздан мұғалімі неліктен кешіге беретінін сұраса керек. Оны білген жігіті мұғалімге шүйліксе керек. Оңаша шығарып алып, сөйлеспек болады. Арты қол жұмсауға дейін барады», — деп хабарлады сенімді дереккөз «Тілшіге».
Келесі күні әлгі 19 жастағы 12 сыныптың оқушысының құрдасы да мұғаліммен сөзге келіп қалады. Онысы тіпті бейнекамераға жазылып қалған деседі.   Бір оқушыны мұғалімдер жағы дауыс беріп, «қашықтықтан оқыту» бөлімінде қалдыру керек деп шешеді. Екінші оқушы өз еркімен арыз жазып, мектептен кетеді.    Өкінішке қарай, мектеп директоры бұл жайтқа қатысты мардымды ештеңе айтпай отыр.   «Мен ештеңе айта алмаймын. Бұл мәселе әлі шешімін таппады. Келесі апта белгілі болады. Біз филиалмыз. Интернетте шулап жатқандай, үлкен мәселе емес. Мұғалім мен оқушының арасындағы келіспеушілік сол күні-ақ шешілді. Екеуара келісімге келді. Ондай шу шығаратындай мәселе болмады»» — дейді Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сабыржан Сәдуақасов.

Nur.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды