jasqazaq.kz

Назарбаев кеңсесін құруға 1 миллиард теңге бөлінеді

03 сәуiр 2019, 12:17

 Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін құруға республикалық бюджеттен 1 миллиард теңге (2,6 миллион доллардан асады) бөлу жоспарланған. Бұл туралы Қазақстан қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваға сілтеме жасап, «Интекфакс-Қазақстан» хабарлады.

Вице-министр бұл туралы 2 сәуірде комитеттің сенатта өткен отырысынан соң айтқан. Савельеваның сөзінше, бюджетке бірнеше түзету енгізіліп, шығын артады.  «Шығын жалақының 1 шілдеден емес, маусымнан бастап өсуіне байланысты артады. Сол бір айға 37 миллиард теңге қаржы керек. Қалған ақша ендігі тіркеліп қойған жаңа мемлекеттік органды — елбасы кеңсесін құруға жіберіледі», – деді қаржы вице-министрі.

Норманы сенаттың жұмыс тобы қолдаған, енді ұсыныс бюджетке өзгеріс енгізу жобасына жазылады.   Азаттықтың хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жылдай билеп, биыл наурызда қызметінен кетті.

«Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заң бойынша, Назарбаевты қызметтік кеңсе, пәтер, тұрақты күзет және байланыстың барлық түрімен жабдықтау қарастырылған. Назарбаевқа бюджеттен Президент айлығының 80 пайызына тең көлемде ай сайын зейнетақы қарастырылған, Назарбаевтың өмірі мен денсаулығына байланысты президенттің жылдық жалақысына тең міндетті мемлекеттік сақтандыру тағайындалған.

SN.kz

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда