jasqazaq.kz

Назар Роллан көлігінде тағы бір қызды шешіндірді (видео)

16 шiлде 2019, 12:34

Желіде тәртіп бұзушылықтары мен ерсі әрекеттерімен танылған Назар Роллан тағы да ел ашуына тиді. Бұған дейін көлігінде төсін айқара ашқан қазақ қызын көрсеткен ол бұл жолы орыс бойжеткенді шешіндірген. Онысымен қоймай, соңында атышулы блогер өзі де іш киіміне дейін шешініп тастаған деп жазады NUR.KZ.

Наташа Орлова есімді арудың жалаңаштануы Назар Ролланның Youtube бағдарламасының кезекті шығарылымы кезінде орын алған.

Бұл жолы да ойын тәртібі сол қалпы сақталған. Атышулы жігіт бойжеткенді қажетті мекен-жайына апарар жолда оған сұрақтар қояды. Әрбір қате жауап үшін қатысушы қыз бір киім элементін шешуге міндетті.

Назар Роллан бағдарламасының екінші кейіпкері дұрыс жауап бермей, ең алдымен аяқ киімін, сосын шұлықтарын шешкен. Артынша кезекті қателігі үшін бойжеткен шолақ шалбарынсыз қалды.

Келесіде 23 жастағы ару үстіндегі футболкасын шешіп тастады. Ойын соңында ол тек іш киіммен ғана қалып, сұрақ қоюшы Назар Ролланнан өз қалағанын сұрау құқығына ие болды. Осылайша, өзі жалаңаштанған сылқым ойын жүргізушісінен де шешініп тастауын талап еткен.

Желі қолданушылары аталған видеоның астына сыни пікірлерін қарша жаудырған. Олар Назардың түсіріп жүрген дүниесі мүлде ерсі әрі қазақи санаға қайшы екенін жазуда.

«Ұят, сөз жоқ саған» , «Қоймайды екен қыздарды шешіндіріп» , «Осындай дүниелеріңмен қаза атына кір келтіресіңдер» , «Жап-жас қыздың мұндай әрекетке барғаны өкінішті» , «Видеоларың сапасыз, бағдарламаң іш пыстырарлық» , «Шешіндіруден басқа нәрсе таппадың ба» ,-деп жазған желідегілер.

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда