
Түркістандық 14 жастағы Назакаттың сəбиінің əкесі өзі ойлағандай болмай шықты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Астарлы ақиқат бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төрт бөлімге созылған бұл оқиғаның шешімі бүгін шешілді.
Естеріңізге салсақ түркістандық 14 жасар қызды жүкті етіп, баласын мойындамай жүрген азаматтардың қайсысы сəбидің əкесі деген басты сұрақ болатын.
Назакат Раметова баласы Ахметтің əкесі Хасан деген сөзді сеніммен айтқан болатын.
Алайда ДНК сараптама мүлдем басқа көрсеткішті көрсетіп шындықты ашып берді.
Кішкентай бейкүнə сəбидің əкесі Хасан емес студияда отырған Абдурашидов Карим болып шықты.
ДНК сараптасы шыққан соң Карим мен Назакаттың бəрінен жасырған шындығы əшкере болды.
Желі қолданушылары: «Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам»,»Жарайды енді əкесі белгілі болды»,»Бақытты боп кетесің əлі»,»Назакат мықты бол» — деген пікірлер жазылуда.