jasqazaq.kz

Навальный әуежайда тұтқындалды

18 қантар 2021, 10:18

Берлиннен Мәскеуге ұшып келеді деген «Победа» әуекомпаниясының ресейлік саясаткер Алексей Навальный мінген ұшағы Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьевоға қонды. Бұл туралы онымен бірге ұшақта келген Deutsche Welle тілшісі мәлімдеді.

Борт қонуға аз уақыт қалғанда басқа аэродромға бағытталған. Baza Telegram-каналы Внуково әуежайында қар тазалайтын техника сынып қалып, қонатын жол тазартылмағанын жазады. Сол себепті ұшақ басқа әуежайға қонған.

Неміс басылымының мәліметінше, Навальный отырған ұшақ Шереметьевоға қонған соң Внуково әуежайына басқа ұшақтардың қонуына рұқсат етілген. Келушілерді әдеттегі режиммен кіргізген.

Саясаткердің командасы оны күтіп алу үшін жақтастарын әуежайға шақырған болатын. Билік Внуково әуежайына полицейлерді әкеліп, адамдарды ұстады. Соңғы мәліметтер бойынша, 37 адам ұсталған. Олардың арасында Новальныйдың жақтастары мен журналистер бар.

Навальный Мәскеуге ұшып келгеннен кейін журналистере сұхбат беріп, қайту немесе қайтпау керек деген таңдау болмағанын айтты.

«Мұндай таңдау болған жоқ. Келгенім үшін бақыттымын. Бұл соңғы бес айдағы ең керемет күнім болып тұр. Мұнда менің үйім бар, мен қорықпаймын және шекара бақылауына әдеттегідей барамын. Шыққан соң үйге кетемін, себебі менікі шындық екенін білемін. Маған қарсы қылмыстық істер әдейі жинақталғанын білемін. Бірақ шындық менің жағымда және сот та. Мен ештеңеден қорықпаймын және қорықпауға шақырамын, — деді ол.

Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеріп жатқанда полицейлер Навальныйды ұстады. Ол қорғаушысы мен әйелінсіз кетті.

«Шереметьево әуежайында Ресейдің Мәскеу бойынша Жазаны орындау федералды қызметінің (ЖОФҚ) шұғыл басқармасы іздеу бөлімінің қызметкерлері шартты түрде сотталған Алексей Навальныйды ұстады. Ол сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бері іздеуде жүрген, — деп келтірді Жазаны орындау федералды қызметінің хабарламасын РИА Новости.

Басылым мәліметінше, Навальныйдың бұдан әрі бұлтартпау шарасын сот шешеді, оған дейін ол қамауда болады.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия