jasqazaq.kz

Наурызда ауа райы қандай болады?

01 наурыз 2018, 17:36

Синоптиктер 2018 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі кетуге асықпайды. Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап

Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы: солтүстік бөлігінде түнде 20…28 дейін аяз, күндіз 10….18 дейін аяз; оңтүстік бөлігінде түнде 0…8 дейін, күндіз 0…5 жылы болып төмендейді», — деп болжады мамандар. Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, көктемгі жылу бірнеше дүркін суықтың қайтып келуімен ауысады. «Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1…20 градусқа дейін болады деп күтіледі. Тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп күтіледі. Айлық болжам, 60-65 пайыз ықтималдылықпен беріліп, консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады», — деді синоптиктер.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде