jasqazaq.kz

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

01 наурыз 2019, 17:08

Алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз, құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (арты жаңбырға ұласатын қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы солтүстік бөлігінде түнде 0…5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін, күндіз 0…5 жылыға дейін көтеріледі; оңтүстік бөлігінде түнде 0…5, кей жерлерде 10, күндіз 10…18 градусқа дейін көтеріледі. 5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл республика аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы түнде 10…15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді. Батыста оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2…7 градус аязға дейін төмендейді. Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3…8 градус жылы болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта минус 5 градус аяз болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10…15 градусқа дейін жылынады. Айдың екінші жартысында суық қайтуы мүмкін.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда