jasqazaq.kz

Науқасты қарауға барған медбике соққыға жығылды

21 қыркүйек 2018, 10:13

Оралда №6 емхананың қызметкерін науқасты қарауға барғанда тұншықтырып, телефоны мен сөмкесін тартып алған.

NUR.KZ. хабарлағандай, қалалық аурухананың менеджері Флюра Саматованың айтуынша, оқиға 19 қыркүйек күні болған.  Медициналық қызметкер үйінен ем алып жатқан науқасты тексеруге барған. Алайда ол өз үйінде болмапты. Осы уақытта науқастың көршісі мейірбикеге әйелдің өзінің үйінде екенін айтқан.
Ештеңеден күдіктенбеген мейірбике көршінің ауласына кіріп, науқасты дауыстап шақырған. Алайда оның шақыруына ешкім үн қатпапты.  «Ары қарай ер адам мейірбикені ұстап алып, тұншықтыра бастаған. Бірнеше соққы жұмсап, оны үйіне кіргізбек те болыпты. Алайда медициналық қызметкер ер адамнан босап шығып, қашып үлгерген», — дейді Флюра Саматова.
Сондай-ақ қалалық аурухана менеджері, мейірбикенің қазір оқиғадан кейін қатты қорқып қалғанын айтады.
Ол тіпті уақытша демалыс алып, жұмысқа қайта шығуға қорқатын көрінеді. Медициналық қызметкердің денесінде соққының іздері қалған. Сондай-ақ тұншықтырғаннан қалған таңбалар да бар екен.
Айта кетейік, мейірбикеге шабуылдаған ер адам оның телефоны мен сөмкесін де тартып алған. Қазір аурухана қызметкері азаматтың үстінен арыз жазған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді