jasqazaq.kz

Науқастардың 44%-ы вирусты кәсіпорындарда жұқтырған

09 қараша 2020, 12:12

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалада вирус жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.
Әкім орынбасары қалада вирус жұқтыру жағдайы өскенін айта келе 65 жастан асқан адамдарды көшеге шықпауға шақырды.

Егде жастағы адамдар бұл індеттің ауыр түрімен сырқаттанады. Вирус жұқтырғандардың 33%-ы 65 жастан асқан адамдар құрап отыр, сондықтан егде жастағылар арасында өлім жоғары. Бұл індетке қарсы дәрі мен вакцина әлі жоқ. Кейбір деректер бойынша вирус мутацияға ұшыраған, — дейді Ержан Бабақұмаров.
Сонымен қатар ол вирус негізінен кәсіпорын жұмысшылары арасында кең тарап жатқанын жеткізді. Науқастардың 44 пайызы кәсіпорындар мен мекемеде жұқтырған.

Жұмыс орнында вирус жұқтыру жоғары болып тұр. Бұл жағдайда маска режимін ұстанып, жеке бастың қорғанышын сақтау керек. Оның тәсілдері барлық жерде жазылған. Оған қоса мекеме басшылары да санитарлы-эпидемиалогиялық талаптарды ұстанып, вирус жұқтырған қызметкерлерін жұмысқа жібермеулері керек, — дейді ол.
Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, науқастардың 18% -ы вирусты үйдің кіре берісінде жұқтырған. Сол себепті ПИК әр үдің кіре берісіне дезинфекция жасауы қажет.

Бұл жұмыстар вирус жұқтырмас үшін қажет. Қазіргі таңда вирус жұқтырғандардың 18 пайызы үйдің кіре берісі мен лифтіде жұқтырғаны анықталды. Есік тұтқалары мен қоршауларды күнде өңдеп отыру керек. Егде жастағылар мен балаларға сақтанып, санитарлық-гигиеналық режимді ұстанған жөн, — деді Бабақұмаров.

baq.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия