jasqazaq.kz

Науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер үйлеріне бармайды

18 наурыз 2020, 21:20

Елордада коронавирус жұқтырған науқастың ең кішісі — 14, ал үлкені 59 жаста. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

«Коронавирус жұқтырған елордадағы 18 адам да Қазақстан азаматтары. Ең кішісі — 14 жаста, екі адамның жасы 59-да. Жалпы, вирус жұқтырғандардың 70 пайызы 30 бен 49 жас аралығындағы азаматтар. Барлығының жағдайы жақсы, дене қызулары қалыпты. Қажетті емдеу шаралары жасалып, медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар басқарма басшысы коронавирус жұқтырған адамдарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері үйлеріне бармайтындығын атап өтті.

«Инфекция анықталған аурулар жатқан мекемедегі 60-тан астам дәрігер мен мейірбикелер сол жерден шықпайды. Ғимараттың бір бөлігінде оларға жағдай жасалған. Жұмыс уақыты біткен соң сол жерде демалып, тамақтанады. Содан кейін келесі ауысымға жұмысқа түседі. Бұл індетке байланысты қолға алған шарамыз», — деді Сәуле Қисықова.

 

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық