jasqazaq.kz

National Geographic Qazaqstan мектептерде «Қызықты ғылым» жобасын жалғастыруда

28 қараша 2022, 12:53


Алматы қаласы, 2022 жылғы 28 қараша. Елімізде мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Қызықты ғылым» жобасы Алматы қаласында жалғасуда. Аталған жобаның оңтүстік астананың орта мектептерінің 7-8 сынып оқушыларына арналған бөлігі 28-29 қарашада өтеді.

Арнаулы семинар барысында 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады.

Бұл семинарлардың тиімділігін оның мұғалімдерге арналған бөлігіне қатысқан ұстаздар бұған дейін атап көрсеткен болатын. Мысалы, Астанадағы семинарға қатысқан № 67 гимназияның география пәні мұғалімі Ардагүл Митинг: «… география пәні мұғалімдеріне арнайы өткізілген семинар барысында біздің саламызға тікелей қатысы бар, әлемдік деңгейдегі National Geographic журналының ғылыми-танымдық онлайн ресурстарымен танысып, оларды сабақ барысында қалай тиімді қолдануға болатынын білдік. География пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға қалай дайындауға болатыны жөнінде бағыт-бағдар алдық. Өз басым, пән мұғалімі ретінде журналды сабақта қолдану арқылы оқушының ғылымға деген көзқарасын өзгертіп, қызықтыруға болатынына көз жеткіздім».

Еске сала кетейік, бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында «Шеврон» мен «KAZMEDIA HOLDING» компаниялары бірлесе атқарып жатқан жұмыстың бір парасы.
«Шеврон» компаниясы қолдау көрсеткен аталған жоба бұл орайда екі мақсатты көздейді. Соның біріншісі – әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту. Бұл ретте компания NATIONAL GEOGRAPHIC журналының қазақ тіліндегі жиынтық топтамаларымен республика мектептерінің кітапханаларын қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. «Шеврон» компаниясының атсалысуымен жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысының және Астана, Алматы қалаларының мектептеріне журнал топтамалары тегін тапсырылады.

Жобаның екінші мақсаты — қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. Соған орай, компания мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арнайы тақырыптық семинарлар өткізіп, әлемдік ғылыми-ресурстарды сабақ барысында қалай қолдануға, оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын, ал оқушыларға ғылыми жобаларына қалай дұрыс пайдалану керектігін жан-жақты түсіндіреді. Өйткені, бұл ресурстардағы еңбектердің бәрі ғылыми тұрғыдан расталып, дәлелденген, авторлық құқығы қорғалған зияткерлік меншік нысаны. Ал ғылымның әліппесі өзіңе дейінгілердің еңбегін оқып-біліп, керегіңе жаратудан басталатыны белгілі.

Еске сала кетейік, мұғалімдерге және оқушыларға арналған семинарлар бұған дейін Астана және Орал қалаларында өткен болатын.
Өтетін күні мен орны:
28 қараша, сағат 10.00 – №41 орта мектеп; сағ: 14.00 – №26 орта мектеп
29 қараша, сағат 10.00 – №179 орта мектеп; сағ:14.00 – №149 орта мектеп
Байланыс: Қанат Абашов, +7 701 964 0285

«Шеврон» – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.

«KAZMEDIA HOLDING» компаниясы баспа және медиа нарықта 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекеттің әлемнің үздік әдеби-ғылыми және іскерлік кітаптарын қазақ тілінде қолжетімді ету бастамасын қолдау аясында «Друкер күнделігі», «Шағын бизнесте қалай көп ақша табуға болады?», «Ойлан және байы», «Қаржылық тәуелсіздікке жол», «Жетістікке жеткендердің жеті дағдысы» сынды қаржы-экономика саласындағы танымал туындыларды қазақ тіліне аударып, басып шығарған.

Сондай-ақ 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналын 2016 жылдан бері қазақ тілінде шығарып, қазақстандық оқырмандарға ұсынып келеді.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта