jasqazaq.kz

Наталья Годунова, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы:

01 сәуiр 2022, 12:05

«Ауылдардың көбінде интернет жоқ. Соның салдарынан балалардың бәрі бірдей деңгейде білім алуын қамтамасыз ете алмаймыз. Екіншіден, интернет жоқ жердегі халыққа облыс орталықтарының тұрғындары емін-еркін алатын мемлекеттік қызметтерді көрсете алмаймыз. Әрі кетсе, аудан орталықтарында, коммуникацияларға жақын орналасқан кенттерде ғана ондай мүмкіндік бар.

Тіпті астананың өзінде, Алматы ауданында, кейбір кенттерде интернет жоқ. Операторлар ол жерлерге интернет тартудың табысы аз екенін айтады. Бірақ операторлардың бұдан басқа табысы өте жоғары жобалары бар ғой. Табысты сол жобалардың есебінен толтыруға болады. Интернетпен жабдықтау көлемі 100 пайыз болуы керек. Оның үстіне «Қазақтелекомның» 51 пайызына мемлекет иелік етеді».

Бүгін, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі