jasqazaq.kz

Наталья Годунова Қазақстанның мемлекеттік қарызына алаңдаушылық білдірді

09 маусым 2021, 15:58

Қазақстанның мемлекеттік қарызының деңгейі ЖІӨ-нің 29,4% құрайды. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осы негіздегі алаңдаушылығын Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Годунованың айтуынша, мемлекеттік қарыз жыл сайын өсуге бейім болып алған.

Сонымен қатар, Есеп комитеті соңғы жылдары ескертіп жүрген қауіп-қатер тәуекелдері орын алып жатыр. Қазір бұл 20,6 трлн теңгені құрайды. Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 29,4% -ке жетті әрі Жаңа фискалдық саясат тұжырымдамасында белгіленген 27% шегінен асты. Естеріңізде болар, 2014 жылға дейін мемлекеттік қарыздың қауіпсіз деңгейі ЖІӨ-нің 22% құрады. Бірақ ол жоғарылатылды. Оған негізді біз ол кезде байқамадық. Осыған байланысты қазіргі 29% жоғары деңгей болып саналады, — деді ол.

Сонымен қатар Есеп комитетінің басшысы жергілікті атқарушы органдар қарызының күрт өскенін, яғни 5 есеге артқанын айтты. Ол осы жылдың басында 1,1 трлн теңгені құраған, ал 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 217 млрд теңге.

Әзірге, бұл бекітілген 1,6 трлн теңге лимиттің шегіндегі көлем, бірақ бұл да болашақта тәуекел тудырады, — деп сөзін қорытындылады Годунова.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия