jasqazaq.kz

Нашақорлық — болашағыңа жасалған қастандық

13 қыркүйек 2022, 11:42

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Отбасының бақыты – өз қолыңда» және «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті. Жиын спикерлер және университет студенттерінің қатысуымен ОҚМПУ жатаханасында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – бүкіл қоғамның қасіретіне айналған нашақорлықтың алдын алу, отбасы құндылығын сақтап қалу жолдарын жастарға түсіндіру. Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткінің заңсыз айналымы бойынша құқық бұзушылықтың деректері өскенін атап өтті.

–Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 300-ден аса есірткінің заңсыз айналыммен қоса, түрлі құқық бұзушылығы анықталды. Оның ішінде нашақорлық және есірткі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр, – деді Бауыржан Карбеков.

Құқық қорғау органдары жыл басынан бері 200-ден астам қылмыстық іс қозғалғанын, олардың ішінде 58-і 29 жасқа дейінгі жастардың қатысуымен орын алғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен арнайы бекітілген жоспар аясында барлық білім мекемелерінде есірткінің зардаптарын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ашық форматтағы дәрісте психологиялық коуч тренер Көмек Ертаев студенттерден сұрақ-жауап алып, тақырыпқа байланысты ойын жүргізді. Елімізде отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі де күрделі. Осы тақырыптың аясында «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Сабира Байзахова: «Бұл тақырып Қазақстанда — өзекті. Сондықтан студенттерге «Отбасының бақыты – өз қолыңда» тақырыбында іс-шара өткізгенді жөн көрдік. Осыған байланысты өңірімізде 2017-2018 жылдан бастау алған пилоттық жоба қолға алынған еді. Соның негізінде, осындай жобалар пайда болды», — деді.

Айта кетейік, зорлық-зомбылық әрекеттері байқалған жағдайда ұлттық сенім желісіне 111 және 150 нөмері арқылы тегін хабарласуға болады.

Егер көру, есту және сөйлеу қабілетіңіз нашар болса www.telefon150.kz порталына немесе 8-775-435-15-18 телефонына whatsapp арқылы хабарлама жаза аласыз.
Сенім желісі 8-7252-45-03-03 және ұялы 8-775-450-54-33 байланыс желісі тәулік бойы жұмыс істейді.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде