jasqazaq.kz

Нартай Дүтбаевқа қатысты сот үкімі шықты

11 қыркүйек 2017, 11:52

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Жоғарғы сотына сілтеме жасап.

Ақмола гарнизонының Әскери соты 2017 жылғы 24 тамызда Нартай Дүтбаевқа және істің басқа фигуранттарына қатысты қылмыстық іс бойынша шығарылған үкімін жариялады. Сот отырысы жабық жағдайда өтті.

«Соттың үкіміне сәйкес Н.Н.Дүтбаев мемлекетті құпияларды жария еткені үшін ҚР ҚК 172 бабына сәйкес кінәлі деп танылып, қызметтік міндетін асыра пайдаланғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Н.Н.Дүтбаевты «генерал-лейтенант» әскери атағынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру жөнінде ұсыныс енгізілді», — деп жазылған ҚР Жоғарғы соты таратқан хабарламада.

Іс бойынша тағы бір фигурант Р.Ж. Мұратовтың осындай қылмыс (ҚР ҚК 172, 451-баптары) жасағаны дәлелденіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылды.

Н.Б.Хасен мемлекеттік құпияларды жария еткені (ҚР ҚК 172-бабы) және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны (ҚР ҚК 308-бабы) үшін айыпты деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырыла отырып, 5 жылға сотталды. Оның мемлекеттік наградаларын қайтару туралы ұсыныс енгізілді.

Е.С.Нұртаев мемлекеттік құпияларды жария етуге көмектесуде кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, ол да өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Әскери соттың баспасөз қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қатысты іс Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралып жатқанын хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде