jasqazaq.kz

Наргиз Сейсек әлемнің 9 университетінен шақырту алды

22 сәуiр 2020, 16:50

Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Наргиз Сейсек әлемнің тоғыз университетінен бірдей шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Толық білім беру грантын Наргизге Hong Kong Baptist University және Lawrence University ұсынып отыр. Сондай-ақ, зияткерге алты америкалық жоғары оқу орындары жеңілдік беруге дайын. Наргиздың портфолиосы химия пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың жүлделі орындары мен медальдарына, сондай-ақ ғылыми байқаулардағы жетістіктерге толы. «Мен барлық жерде Chemical Engineering факультетін таңдаймын. Химияға деген махаббатты менде 10 сыныпта мықты ұстаз Зәуре Ділманова оятты. Ұстазым мені олимпиадаға және ғылыми жобаларға қатысуға анталандырды. Зияткерлік мектебіндегі ұстаздарымның арқасында мен осындай жетістікке қол жеткіздім. Химия саласының келешегі зор. Мен елімізде осы бағытта өндірістерді дамытуға ат салысамын», — дейді Наргиз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия