jasqazaq.kz

Нәрестелерді интернет арқылы саудалаған

28 маусым 2022, 14:11

Алматы прокуратурасы балаларды сату туралы хабарландырулар жарияланған сайтты анықтады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды .

Қадағалау органы мәліметінше, жаңа туған баласынан бас тартқысы келген жас келіншектер уәкілетті органдар мен соттың тиісті шешімінсіз, заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып, «сатып алуды» ұсынған.

Сайтта осылай бала асырап алғысы келетіндердің хабарландырулары да жарияланған.

«ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 196-бабына сәйкес тауып алынған, тастанды баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымдары әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс.

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 2-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алатау ауданының прокуроры сотқа сайтты заңсыз деп тану және оның Қазақстан аумағындағы қызметін тоқтату туралы өтінішпен жүгінген. Сот қадағалау органының өтінішін қанағаттандырды.

«Материалдар ҚР ҚК-нің 128-бабында көзделген қылмысты жасау, яғни адам саудасы мәніне тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына жіберілді. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», — делінген хабарламада.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық