jasqazaq.kz

Наразы тұрғындар Талғар тас жолын жауып тастады (Видео)

12 шiлде 2021, 10:48

Алматы маңында тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары судың болмауына наразылық білдіріп, тас жолды жауып тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 11 шілде күні сағат 23.00 шамасында Талғар тас жолында болған. «Нұрия» тұрғын үй кешенінің жүзге жуық тұрғыны сусыз қалдық деп, наразылыққа шықты.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.

Бейнежабада тұрғындар сусыз қалғанына наразы екенін жеткізген. Ауыз судың жетіспеуі құбырдың бір күн бұрын төрт рет жарылып кетуімен түсіндіріледі. Жауаптылар олқылықтар жойылғанын, көп ұзамай пәтерлерге су берілетінін айтты.

Полиция бұл оқиғаның Алматы облысы, Бесағаш ауылының аумағында болғанын айтады. 80-ге жуық адам Алматы-Талғар тас жолын жауып тастағаны атап өтілді.

«Тұрғындар тарапынан жасалған бұл әрекеттің себебі – ауыз судың жетіспеуі. Жергілікті атқарушы органдар наразылыққа шыққандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жиналғандарды таратып жіберді. Көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді”, – деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия