
Павлодар облысының Қалқаман ауылының тұрғындары малын ауылдық әкімдіктің терезесінің алдына айдап әкелді.
Олар осы арқылы кәсіпкерлерге жалға берілген жайылымды қайтаруды сұрап отыр. Тұрғындар мал жаятын жер қалмағанын айтып шағымдануда. Далаға жаю қауіпті: ауылдың бір жағында автобан болса, екінші жағында теміржол.
– Сиырларымызды әкімдікке айдап әкелдік, себебі мұнда құнарлы газон бар. Біз енді күнде осында жаятын боламыз, басқа жер жоқ.
Бұрын ауылда 200-ден астам сиыр болды, енді мал басы төрт есеге қысқарды. Кез келген адам малын қорада ұстап, жыл он екі ай шөп сатып ала алмайды. Ауылдықтардың айтуынша, сиырлар жергілікті қоқыс тастайтын жерге жайылады, қалдықтармен уланып, сүті тартылуда. Жақында жергілікті тұрғынға оның малы мектептің алдындағы гүлді жеп қойғаны үшін 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Адамдар ауылдағы жалғыз жайылымды шенеуніктер суармалы егіншілікті дамыту үшін алып алды деп шағымдануда.
Бұрынғы жайылым даулы алаңға айналды. Ауыл тұрғындары оны бірнеше жыл бұрын пияз, аскөк пен қырыққабат өсіру үшін кәсіпкерлерге жалға берген деп наразылықтарын білдіруде. Мал бағатын жер қалмады.
Нұрбұлан Мұсабеков, Қалқаман ауылдық округінің әкімі:
–Жайылымға қатысты проблема жоқ, жалғыз нәрсе суатқа байланысты. Суғару кезінде барлық мал атыз арқылы өтіп, кәсіпкерлер үлкен шығынға ұшырауда. Бұл мәселенің шешімін таптық, кәсіпкерлерге бір аптаның ішіннде аумақтарын қоршауды ұсындық.
Ауыл тұрғындары алған беттерінен қайтпаймыз деп отыр, олар ескі жайылымды қайтаруды талап етеді. Ол жерде су да бар, малды бақылауға да қолайлы. Әйтпесе күн сайын әкімдікке малымызды айдап әкелеміз деп қорқытуда.
https://youtu.be/kK_SefDMaSA
ktk.kz